DECIDE Эрасмус+ «мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған қызметтерді дамыту» халықаралық жобасын іске асыру аясында 7-17 қазан аралығында А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің психология кафедрасы хабардарлықтың II онкүндігін өткізеді.
Оның мақсаты – инклюзивті қоғамды құру басымдықтарының бірі болып табылатын мүгедектіктің әлеуметтік моделін іске асыруға жәрдемдесу. Мүгедектіктің әлеуметтік моделі архитектуралық, әлеуметтік және психологиялық сияқты барлық кедергілерді жою арқылы мүгедек адамдардың мүмкіндіктерін, қабілеттерін, зияткерлік потенциалын жан-жақты дамытуды көздейді. Бұл үшін халықтың инклюзивтік мәдениетін, мүгедек адамдарды кемсітуді болдырмай, оларға ізгілікті және толерантты көзқарас мәдениетін қалыптастыруға бағытталған түрлі ақпараттық-түсіндіру іс-шараларын жүргізу қажет.
Онкүндікте барлық білім беру ұйымдарында: балабақшаларда, мектептерде, колледждерде, ЖОО-ларда түрлі жас топтары үшін іс-шаралар өтті:
- мейірімділік сабақтары;
- интерактивті пікірталастар, «Кедергісіз әлем»;
- «Жүрегіңді жақсылыққа үйрет» шығармашылық сайыстары;
- «менің ерекше досым» челленджі;
- «инклюзивті мектеп» бейнероликтер байқауы;
– педагогикалық қоғамдастыққа арналған «Инклюзивті білім берудің қолжетімділігін қамтамасыз ету – Қазақстанның мемлекеттік білім беру саясатының негізгі басымдығы» вебинары,
- Өмірде өзін жан-жақты жетілдірген мүгедек адамдармен кездесу.
Біздің облыстың барлық аудандары мен қалаларында Үкіметтік емес ұйым өкілдері мүгедек адамдар көрсетілетін әлеуметтік қызметтердің және ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін білімнің сапасына қаншалықты қанағаттанатынын тексерді.
Сонымен қатар, инклюзияны дамытуға қатысты көзқарасты анықтау мақсатында А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің психолог-студенттері қала көшелерінде тұрғындар арасында экспресс-сұхбат жүргізді және ақпараттық парақшалар таратты (1000 данадан астам). Психология кафедрасы серіктестерімен бірге интернет-ресурстардың 7 алаңында (баннер, caption video, бейнероликтер, слайд-шоу) орналастыру үшін ақпараттық өнімдер әзірледі.
Барлық жұмыс жергілікті атқарушы органдармен, ҮЕҰ-мен, демеушілермен және еріктілермен ынтымақтастықта іске асырылады, мақсат – халықтың санасында «біз – әр түрліміз, біз – теңбіз, біз-біргеміз» деген ойды нығайту.