object(DateTime)#1041 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2025-04-18 15:31:09.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}
ТДМ

«ЖАСТАР МЕН ҒЫЛЫМ – БОЛАШАҚТЫҢ КІЛТІ»

3 мамыр күні Ө. Сұлтанғазин атындағы педагогикалық институтта «Жастар мен ғылым – болашақтың кілті» атты студенттік-тәжірибелік конференция өтті. Іс-шараны мектепке дейінгі және бастауыш білім беру кафедрасының аға қытушысы, PhD докторы Айгүл Қасаболат ұйымдастырды.

Институт бойынша 50-ге жуық жұмыстар жинақталды. Конференция екі бағытта жүргізілді: студенттік зерттеу жобалары және ғылыми мақалалар. Әр бағыт бойынша қазылар мүшесі сайланып, жұмыстар талданды, студенттер тыңдалды.

Конференцияның ерекшелігі жобалар мен мақалаларға арналған критериалды бағалау талаптарының орындалуы, әділ, шынайы өткендігін байқатады. Студенттердің қызығушылықтары, таңдалған тақырыптарының қорғалуы да студенттерге жағымды әсер етті. Жобаларды бағалауда зерттеу өзектілігі, теориялық және тәжірибелік маңыздылығы, қол жеткізілген нәтижелердің маңызы, студенттің шешен сөйлей білуі, тақырыпты толыққанды жеткізе білуі, сұрақтарға жауап беру мәдениеті ескерілді.

Зерттеу жұмыстарының нәтижесін саралай келе, қазылар алқасы келесі жеңімпаздарды анықтады:

1-орынды

2-орын

3-орынға үш бірдей студенттің жұмысы лайық деп танылды, олар:

Жеңімпаз студенттерді институттың директоры Кенжегүл Есиркепова дипломдармен және алғыс хаттармен марапаттады.

Аталмыш конференцияның жыл сайын, дәстүрлі түрде өткізіліп тұруы туралы ұсыныстар да айтылды. Конференция материалдарын электронды жинаққа енгізу жоспарда бар.  

Сонымен қатар конференция барысында кітапхана қызметкерлері Сәния Безаубекова мен Татьяна Сусик студенттерге электронды ресуртармен жұмыс жасау ақпараттық мәдениетін арттыру мақсатында ғылыми кітапхананың электрондық білім беру ресурстарымен танысу бойынша шеберлік сабақтар өткізді, түрлі бағыттағы әдебиеттерге шолу жасалды.

 

Қабылдау комиссиясы