object(DateTime)#1025 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-04-20 01:18:15.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(9) "Asia/Omsk"
}

Өзбекстандық профессор ҚӨУ студенттеріне дәріс оқиды

Ақпараттық жүйелер кафедрасында 4-29 қазан аралығында Үргеніш мемлекеттік университетінің (Өзбекстан) халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректоры, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Гайрат Уразбоев А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің магистранттарына, жас оқытушыларға республикалық бюджет қаражаты есебінен шетелдік ғалымдарды тарту бағдарламасы аясында дәріс оқиды. Гайрат Уразбоев – математикалық модельдеу және сызықтық емес эволюциялық теңдеулерді шешу саласындағы әйгілі ғалым.

Кафедра ғалымның қатысуымен келесі іс-шараларды өткізуді жоспарлап отыр:

- А.Айтмұхамбетов атындағы инженерлік-техникалық институтының студенттері, магистранттары мен оқытушыларына арналған «Солитондар теориясына негізделген толқындарды математикалық модельдеу» тақырыбындағы мамандандырылған курс;

- «Гидродинамикалық процестерді модельдеу» тақырыбында дөңгелек үстел өткізу;

- ғылыми мақалаларды SCOPUS, Web of Science базасына кіретін халықаралық журналдарда жариялауға дайындауға ғылыми-әдістемелік көмек (кеңес) береді;

- ҚР Білім және ғылым министрлігінің гранттық жобалары конкурсына қатысу үшін ғылыми және білім беру жобаларын дайындау бойынша ғылыми-әдістемелік көмек көрсетеді.

Қабылдау комиссиясы