Белсенді қатысқаны үшін

Baitursynuly University студенті Гүлзат Бекзатқызы Ұлттық валюта күніне арналған Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға белсенді қатысқаны үшін II дәрежелі дипломмен марапатталды.

Іс-шара Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің 90 жылдық мерейтойын атап өту аясында өтті.

ҚӨУ «Қаржы» білім беру бағдарламасының 2 курс студенті Гүлзат Бекзатқызы конференцияға онлайн-форматта қатысты. Ғылыми жетекшісі - экономика және қаржы кафедрасының аға оқытушысы Акбота Абжанова.

Қабылдау комиссиясы