Baitursynuly University ғалымдары Түркияда өткен «Divânu Lugatit - Türk ve Türk Dünyası» халықаралық симпозиумында баяндама жасады.
Махмұд Қашқари мен оның «Диуани лұғат ат-түрік» еңбегіне арналған іс-шара Денизли қаласындағы Pamukkale University-де өтті. Оған Түркия, Қазақстан, Әзербайжан және Өзбекстан ғалымдары қатысты.
Олардың арасында Ө.Сұлтанғазин атындағы Педагогикалық институттың директоры, филология ғылымдарының кандидаты, тілдер және әдебиет теориясы кафедрасының қауымдастырылған профессоры Кенжегүл Есіркепова және Қазақстан тарихы кафедрасының профессоры м.а. Гаухар Балғабаева бар. Олар өз баяндамаларында Махмұд Қашқаридың еңбегін тарихи дереккөз ретінде қарастырып, түркі фольклорының негізгі жанрлары мен түркі халықтарының рухани мәдениеті туралы мәліметтер ұсынды.
Естеріңізге сала кетейік, жақында ҚӨУ Pamukkale University-мен академиялық мобильділік пен тағылымдамалар бойынша студенттер мен оқытушыларға жаңа мүмкіндіктер ұсынатын ынтымақтастық туралы екі меморандумға қол қойған болатын.