object(DateTime)#1030 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-12-22 08:25:18.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}
ТДМ

Білім беру саласындағы STEM-технологиялар

12 қарашада Ө.Сұлтанғазин атындағы Педагогикалық институты, жаратылыстану пәндері кафедрасының жаңа химиялық зертханасында «Жаңартылатын энергия көздері» тақырыбында STEM-жобалар бойынша ашық сабақ мини-конференция форматында өтті.

Сабақ «Мектептегі оқыту мен бағалаудағы жаңа тәсілдер», «Экология және тіршілік қауіпсіздігі», «COURSERA платформасындағы оқыту әдістемесінің негіздері” курстары аясында өткізілді.

STEM-сабақ идеясы София қаласы (Болгария),  Орман шаруашылығы университетінің профессоры Екатерина Тодорованың жақында болған сапары барысында пайда болды.

Модераторлар ретінде жаратылыстану пәндері кафедрасының өкілдері: қауымдастырылған профессор Ольга Чернявская, қауымдастырылған профессор Галина Ручкина және аға оқытушы Сергей Курлов қатысты.

«Химия», «Химия-Биология», «Биология-Химия» білім беру бағдарламасының 1 және 3 курс студенттері жаңартылатын энергия көздері мәселесіне шығармашылық көзқараспен қарап, өз жобаларын ұсынды.

Құзыретті комиссия жобалардың теориялық, практикалық, инженерлік-технологиялық, экономикалық, әлеуметтік және экологиялық аспектілерін бағалады. Кафедра меңгерушісі Гаухар Баубекова студенттердің идеяларын қолдап, STEM іс-шараларын тұрақты түрде өткізуге ұсыныс жасады.

STEM-сабағында академиялық ғылыми-техникалық концепциялар нақты өмір контексінде қарастырылатын интеграцияланған оқыту әдісі қолданылды. Іс-шара дұрыс таңдалған тақырып пен форматтың жоғары оқу орындары, мектеп және қоғам арасында білім беру көпірін қалай орнатуға болатынын көрсеткен жарқын мысалға айналды.

Қабылдау комиссиясы