object(DateTime)#1030 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-12-25 08:11:38.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}
ТДМ

Стейкхолдерлермен семинар

Ө.Сұлтанғазин атындағы Педагогикалық институттың жаратылыстану-ғылыми пәндер кафедрасында әдістемелік семинарлар апталығы өтті.

«Педагогикалық практиканың нәтижелілігі тұрғысынан болашақ химия және биология мұғалімдерін даярлау сапасын арттыру жолдары» тақырыбында өткен семинарға стейкхолдер – мектеп мұғалімдері: Ы.Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-интернатының химия және биология пәні мұғалімі Құралай Жұмағұлова, №2 мектеп-лицейінің биология пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші Гүлжан Алпыспаева, №8 мектебінің биология пәні мұғалімі Ксения Пушкарская, С.Мәуленов атындағы гимназияның биология пәні мұғалімі, жаратылыстану ғылымдарының магистрі Мадина Әбілдинова шақырылды.

Жұмыс берушілер студенттердің жақсы теориялық дайындығын, оқушылардың зертханалық сабақтарға қызығушылығын атап өтті (химиялық тәжірибелер жүргізді, модельдеді, есептер шығарды).

Қосымша тапсырмаларды әзірлеу кезінде оқушылардың жас ерекшеліктерін, білім беру қажеттіліктерін ескеру ұсынылды. Семинардағы бірлескен талқылауда болашақ химия және биология мұғалімдерін даярлау сапасын арттыру бойынша бірлескен шешімге келді. Әдістемелік семинар қонақтарына сертификаттар табысталды.

Бұдан бөлек, «Қоршаған орта объектілерін химиялық-экологиялық зерттеу» атты екінші семинар халықаралық Болашақ бағдарламасының «500 ғалым» жобасының ғылыми тағылымдама қорытындысына сәйкес өтті. Онда далалық практиканы ұйымдастыру және өткізу мәселелері талқыланып, сондай-ақ Орман техникалық университетінде (София қ.) практикадан өту ұсынылды.

Семинар қатысушыларына университеттің зерттеу зертханасы қызметінің материалдары, сондай-ақ қоршаған орта объектілеріне (су және топырақ) жүргізілген зерттеулер, атап айтқанда, атомдық-абсорбциялық спектроскопия әдісімен топырақтың элементтік құрамын анықтау, Кьельдаль әдісімен су мен топырақ құрамындағы жалпы азотты (нитрат және аммоний йондары түрінде) анықтау, топырақта калийді (К2О) анықтау әдістері таныстырылды.

Семинар соңында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды.

Қабылдау комиссиясы