object(DateTime)#1025 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-05-20 03:11:21.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

Шуақты Измирден қостанайлықтарға сәлем!

Қазір түріктердің осы қаласында Baitursynuly University филология және практикалық лингвистика кафедрасының аға оқытушылары Мира Мұратқызы мен Ақжан Алтыбаева тәжірибеден өтуде.

Сапар халықаралық «Болашақ» бағдарламасы аясында өтуде. Эгей университетінің (Ege Üniversitesi) ғалымдары қазақстандық әріптестерін жылы қарсы алды. ҚӨУ оқытушылары қазірдің өзінде түріктің оқу ордасы мен Baitursynuly University арасында байланыс орнатты.

«Жоспарда – білім ордалары арасында меморандумға қол қою, халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға дайындық, ҚӨУ-ге шетелден ғалым шақыру және басқа да жұмыстар бар», - дейді Мира Мұратқызы.

Тәжірибенің әр күні тың жаңалықтар мен жаңаша білімге толы. Қазір ғалымдарымыз Эгей университеті, TÜRK DÜNYASI ғылыми-зерттеу институтының оқытушылары және студенттерімен бірге фольклорлық экспедицияға қатысуда.

Тағылымдама 30 маусымға дейін жалғасады.

Бізде академиялық ұтқырлық туралы айтылып қана қоймай, ол жүзеге асады!

Қабылдау комиссиясы