object(DateTime)#1030 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-12-24 22:14:28.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}
ТДМ

Атақты құқықтанушы ғалымдарды еске алу

Baitursynuly University «Құқық үстемдігі форматындағы қоғам мен адамзаттың цивилизациялық қауіпсіздігі» тақырыбында Сергей Алексеев пен Шайкенов Нағашыбайды еске алуға арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.

Іс-шараға олардың шәкірттері мен серіктестері, Қазақстан мен Ресейдің құқық саласындағы үздік мамандары жиналды. Олардың көбісі қазіргі таңда мемлекеттік құрылымдарда, құқық қорғау органдарында, сот жүйесінде және жоғары оқу орындарында жауапты қызметтерді атқаруда. Арнайы қонақ ретінде Нағашыбай Аманғалиұлының жары Лидия ШАЙКЕНОВА қатысты. Ол ұйымдастырушыларға жылы қабылдаулары мен осындай ауқымды іс-шара үшін алғысын білдірді.

В.Ф. Яковлев атындағы Орал мемлекеттік заң университетінің атынан арнайы делегация келді. Бұл университеттің де көптеген оқытушылары кезінде Сергей Алексеевтің студенттері болған.

- Маған Сергей Сергеевичтің дәрістерін тыңдау бақыты бұйырыпты, – деп еске алды Ресей университетінің мемлекет және құқық теориясы кафедрасының доценті Роман БРЮХОВ. – Біз, студенттер, өзімізді үлкен даналыққа жеткендей сезінетінбіз. Профессордың сабақтарында шыбынның ызыңы ғана естілетіндей тыныштық болатын.

Айта кетейік, Қазақстан Республикасының Әділет министрі, Премьер-Министрдің орынбасары және басқа да жоғары лауазымдарды атқарған Нағашыбай Шайкеновте Сергей Алексеевтің шәкірті болған.

- Нағашыбай Шайкеновпен біз әрі дос, әрі серіктес болдық, құқықтық реформаларды бірге жасадық, – деп бөлісті Каспий университетінің жекеменшік құқық ғылыми-зерттеу институтының директоры, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі, профессор Майдан СҮЛЕЙМЕНОВ. – Шайкенов пен Алексеев өте білімді ғалымдар еді. Олар бүкіл өмірлерін құқық үстемдігі идеясы үшін күрес жолына арнады.

Сергей Алексеев пен Нағашыбай Шайкеновтің философиялық және саяси-құқықтық идеялары конференцияның басты тақырыбына айналды. Сонымен қатар, спикерлер қазіргі құқықтық жүйенің жағдайын талқылап, жаһандану жағдайында құқықтың өзгеру үрдістерін анықтады.

Қабылдау комиссиясы