Ө.Сұлтанғазин атындағы педагогикалық институт базасында «Орта мектеп оқушыларымен ғылыми-зерттеу жұмысын ұйымдастыру» тақырыбында семинар өтті.
Іс-шараны педагогика, психология және арнайы білім беру кафедрасының профессорлары Бибигуль Утегенова мен Кенжегуль Шалгимбекова ұйымдастырды. Семинарға қала мектептері, лицейлері және гимназия мұғалімдері қатысты.
- Ғылыми-зерттеу қызметі педагогтың жоғары білім деңгейін, зерттеу әдістемелерін жақсы меңгеруін талап етеді. Бұл оқушылардың танымдық қызығушылығын, дербестігін, ғылыми мәдениетін, белгілі бір саладағы білімін жүйелеу, жалпылау және тереңдету қабілетін, сондай-ақ оларды тәжірибеде қолдану дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді, – деді кафедра профессоры Бибигуль Мазановна.
- Ең алдымен, оқушымен әңгімелесіп, оның қызығушылықтарын анықтап, ортақ ұқсастықтарды табу керек. Кейін тақырыпты таңдаған соң, алгоритм бойынша жұмыс жасау қажет, – деп өз тәжірибесімен бөлісті кафедраның қауымдастырылған профессоры Кенжегуль Сапышевна.
Сондай-ақ, ол ақпарат көздерін іріктеуге, ғылыми мәдениетке, эксперименттердің құрылымы мен зерттеудің практикалық маңыздылығына ерекше назар аудару керектігін атап өтті.