object(DateTime)#1030 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-12-23 22:26:33.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}
ТДМ

Ғалымдарды не күтіп тұр?

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Ғылым және техникологиялық саясат туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Қазақстан ғалымдары заңнамалық жаңалықтардан не күтуі керек?

- Идеядан өндіріске ғылыми зерттеулерді жүзеге асырудың негізділігі мен технологиялық дайындығын бағалаудың жаңа механизмі енгізілді, - дейді Baitursynuly University ғылыми-зерттеу, инновациялар және цифрландыру жөніндегі проректоры Жеңіс ЖАРЛЫҒАСОВ. – Бұл Қазақстанның ғылыми-технологиялық саясаты әлемдік технологиялық көшбасшылармен инновациялық алшақтықты азайтуға бағытталатынын болжайды. 

Сондай-ақ ғылыми жетістіктерді бақылау мақсатында ғылыми-техникалық ақпаратты жинау, өңдеу және талдаудың жаңа механизмі де енгізілді. Ынталандыру мақсатында жас ғалымдарға жеңілдікпен тұрғын үй сатып алу құқығы берілмек. 

Ғылым Қорының технологияларды коммерцияландыру жөніндегі ұлттық агенттік ретіндегі мәртебесі кеңейтілді. 

Ғылымды басқару құрылымы жетілдірілетін болады. Заң жергілікті атқарушы органдарға ғылым саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру құзыретін береді. 

ҚӨУ ғалымдары атап өткендей, жаңа Заң қазақстандық ғылымды одан әрі дамытудың негізгі факторына айналмақ.

Қабылдау комиссиясы