object(DateTime)#1030 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-12-12 06:56:01.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

Археологтар тапқан заттар не туралы сыр шертеді?

Baitursynuly University-не Алматы қаласы мен Екатеринбургтан палеозоологтар келді. Қамысты мекенін қазу кезінде табылған сүйектер негізінде ғалымдар табынның құрамын анықтап жатыр.

Биология ғылымдарының кандидаты, Өсімдіктер мен жануарлар экологиясы институты, урал бөлімінің (РҒА) аға ғылыми қызметкері Павел КОСИНЦЕВ пен А.Х. Марғұлан атындағы археология Институтының ғылыми қызметкері Мамбет ШАГИРБАЕВ археологиялық зертханада жұмыс істеуде. Олар тарих ғылымдарының кандидаты Андрей Логвиннің жетекшілігімен өткен Қамысты мекенін зерттеу нәтижесінде алынған материалдарды өңдеп жатыр.

-Біз Қостанай өңірлік университетімен көптен бері ынтымақтастық байланыстамыз, - дейді Павел КОСИНЦЕВ. – Қазіргі таңда бірнеше жыл бұрын бастаған Қамысты мекенін кешенді зерттеу жұмыстарын жалғастыру үшін келдік. Дәстүрлі әдіс қолданып, сүйектің қандай жануарға тиесілі екенін морфологиялық белгілер кешені арқылы анықтаймыз. Біздің бірлескен жұмысымыздың нәтижесінде табынның құрамын анықтап, ғылыми мақала жариялайтын боламыз.

Ғалымдар өздерінің ерекше тәжірибелерімен тарихшы студенттермен де бөлісті. Қонақтардың қатысуымен өткен лекцияның ұйымдастырушылары - археологиялық үйірме мүшелері, жетекшісі - археологиялық зертхананың аға ғылыми қызметкері Ирина Шевнина.

Мамбет Шагирбаев археозоологиялық зерттеу әдістері туралы айтып берді. Ал Павел Косинцев студенттерге ең өзекті мәселелердің бірі - жылқылардың қолға үйретілуі туралы егжей-тегжейлі түсіндірді. Ол сүйектерге қарап, жануардың жабайы ма, әлде үй жануары ма екенін қалай анықтауға болатынын түсіндірді.

Қабылдау комиссиясы