object(DateTime)#1025 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-03-29 15:00:00.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(9) "Asia/Omsk"
}

ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ЖАҢА ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ

В.Двуреченский атындағы Ауылшаруашылық институтының магистранттары мен оқытушылары Эразмус+ жобасы аясында Астана қаласындағы С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ-де өткен «Қалдықтарды басқару» (UnWaste) магистратура бағдарламасын әзірлеу және енгізу арқылы серіктес елдерде айналмалы экономиканы ілгерілету» атты серіктес университеттердің кездесуінде болды. Семинар-кеңес 27 наурыз бен 1 сәуір аралығында өтті.

Кездесу аясында екі іс-шара өтті: UnWaste жобасын іске асыру бағдарламасын әзірлеу және бекіту, сондай-ақ семинардың бірінші блогында ҚАТУ лекторлары қалдықтарды басқару саласындағы тәжірибесімен бөлісті.

А.Байтұрсынов атындағы ҚӨУ-нің атынан жобаны әзірлеу бағдарламасын жергілікті жоба үйлестірушісі, экология, биология және химия кафедрасының меңгерушісі Гүлнар Юнусова және электрэнергетикасы кафедрасының меңгерушісі Игорь Кошкин таныстырды.

Инженерлік факультет ғимаратындағы мамандандырылған ГАЖ технологиялар орталығында магистранттар мен оқытушылардың тақырыптық семинарлары өтті. Дәріс және тәжірибелік сабақтар курстарын ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторлары мен магистрлер жүргізді.

Сонымен қатар, өндірістік қалдықтарды кәдеге жарату және өңдеуге байланысты инновациялық кәсіпорындарға экскурсия ұйымдастырылды.Қостанай өңірлік университетінің экология, биология және химия кафедрасының магистранттары «Қалдықтарды басқарудың инновациялық формалары» тақырыбында терең, жан-жақты зерттеу жүргізді. Қатты және биологиялық қалдықтарды басқарудың теориялық, практикалық ерекшеліктерін игерді. Нәтижесінде алдағы уақытта оқу ордамызда өтетін конференцияға ғылыми мақала дайындалып, көпшілік назарына ұсынылады.

Аталмыш іс-шараға қатысу – Қостанай өңірлік университетінің магистранттары мен оқытушыларына ғылыми-зерттеу жұмысының жаңа перспективаларын көруге, зерттелетін мәселені терең талдауға, оны шешудің жаңа идеяларын ұсынуға және оңтайлы нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік берді.

Тағылымдама соңында барлық қатысушыларға сертификаттар берілді.

Оқу семинарының келесі блогын сәуір айында Қостанай өңірлік университетінде өткізу жоспарда бар.  

Қабылдау комиссиясы