object(DateTime)#1028 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-07-17 22:33:03.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

Әсемай қола жүлде иеленді

Екінші жыл қатарынан Baitursynuly University әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының «Тарих» білім беру бағдарламасының студенттері ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Республикалық ғылыми-зерттеу конкурсында жүлделі орындарға ие болды.

Биыл 3 курс студенті Әсемай Оразбекова жеңімпаз үштікке енді. Қыз жоғары оқу орындарының студенттері арасындағы байқау қорытындысы бойынша 3-ші орынды иеленді.

Айта кетейік, бір жыл бұрын аталған байқаудың қола жүлдесін біздің 2 курс студенті Гүлдерай Сағынғали алды. Екі студенттің ғылыми жетекшісі –  ҚӨУ әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар факультеті деканының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Руслан Батырханұлы Жүсіпов.

Жұмыстың тақырыбы: «Қостанай облысының қуғын-сүргінге ұшыраған саяси қайраткерлері (Қостанай облыстық мұрағатының құжаттары мен туыстарынан алынған сұхбат негізінде). Авторлар бұл мақаланы әлі күнге дейін жұртшылыққа беймәлім мәліметтері бар құжаттарға сүйене отырып жазған. Зардап шеккен тұлғалардың ұрпақтарымен де арнайы сұхбаттар жүргізілді.

Жеңісіңізбен құттықтаймыз! Сіздерді мақтан тұтамыз, біздің болашақ тарихшылар!

Қабылдау комиссиясы