object(DateTime)#1029 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-11-25 23:04:16.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

ИННОВА-2022

Бүгін А.Байтұрсынов атындағы ҚӨУ-де «Иннова-2022» дәстүрлі халықаралық ғылыми-әдістемелік конференциясы онлайн режимде өтті. Конференция жұмысы пленарлық мәжілістен басталды. Алғашқы болып оқу ордамыздың оқу ісі жөніндегі проректоры Ербол Исақаев сөз алды.

Пленарлық отырыс барысында мынадай тақырыптар бойынша баяндамалар тыңдалды: инклюзивті жоғары білім беру жағдайында оқу үдерісін ұйымдастырудың ғылыми-әдістемелік негіздері, педагогикалық жоғары оқу орындарының түлектерін жаңа үлгідегі оқытушылар ретінде дайындау стратегиялары, университеттегі инновациялық үдерістерді қолдау стратегиясы ретінде ғылыми және білім беру консультациясы және оқытушының біліктілігін арттыру (Финляндия тәжірибесі мысалында).

Одан әрі конференцияның жұмысы негізгі төрт бағыт бойынша жалғасты. А.Айтмұхамбетов атындағы инженерлік-техникалық институтының секциясында кәсіптік бағдар беру, студенттерді жұмысқа орналастыру және кәсіптік дамыту саласындағы заманауи тенденциялар мәселелері талқыланды.

П.Чужинов атындағы Экономика және құқық институты өткізген секцияда университеттегі инклюзивті білім беруді жетілдірудің өзекті ғылыми-әдістемелік мәселелері қаралды.

Ал В.Двуреченский атындағы ауылшаруашылық институты оқу орны түлектерінің табыстылығының кепілі ретінде студенттер арасында практикалық дағдылар мен ғылыми-зерттеу құзыреттіліктерін қалыптастыру мәселелерін зерттеді.

«Жаһандану және цифрландыру жағдайындағы заманауи білім беру мәселелері» Ө.Сұлтанғазин атындағы педагогикалық институтты ғалымдарының әңгіме өзегіне айналды.

Конференцияға Испаниядан, Ресейден, атап айтқанда, Оңтүстік федералды университеті (Ростов-на-Дону), Н.Ф.Катанов атындағы Хакас мемлекеттік университеті (Абакан), Қазан федералды университеті (Набережные Челны), П.А.Столыпин атындағы Омбы мемлекеттік аграрлық университетінің және Шадринск педагогикалық университетінің ғалымдары, сондай-ақ қазақстандық ғалымдар қатысты.

Конференция аясында әдістемелік инновациялар сағаты өтіп, қатысушылар университеттегі қашықтықтан оқытудың заманауи технологиялары және ЖОО-да қашықтықтан оқыту үдерісінде өзара әрекеттестіктің жаңа формаларын қолдану мәселесі бойынша тәжірибе алмасты. Ал Журналистика және коммуникациялық менеджмент кафедрасының аға оқытушысы Айнұр Сүлейменова гуманитарлық пәндерді оқытудағы «Мультимедиялық матрешка» авторлық әдістемесімен бөлісті.

Инженерлік институт секциясының жұмысына университет дуальды оқыту, жұмысқа орналастыру және студенттерді тәжірибеге жіберу мәселелері бойынша бірлесіп жұмыс істейтін өндіріс өкілдері қатысты. Сонымен қатар техникалық мамандықтар бойынша қос дипломды білім алудың болашағы мен мүмкіндіктері туралы сөз болды.

Дәстүр бойынша конференцияға қатысушылар инклюзивті білім беруді жетілдіру мәселелеріне тоқталды. А.Байтұрсынов атындағы ҚӨУ-і бұл мәселеге үлкен мән береді, өйткені университеттің бұл салада 20 жылдан астам жинақтаған тәжірибесі бар.

Конференцияға қатысушылар жаһандану мен цифрландыру жағдайындағы заманауи білім беру мәселелеріне де назар аударды.

Қабылдау комиссиясы