object(DateTime)#1030 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-12-27 02:53:02.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}
ТДМ

Балалық шақ феномені

Baitursynuly University «ХХ ғасырдың екінші жартысындағы әлемдік және отандық мәдениеттегі балалық шақ пен балалар әдебиеті» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Конференция «Қазақстанның балалар әдебиеті - советтік азаматтарды қалыптастыру құралы ретінде (1940-1980 жж.): тарихи-антропологиялық көзқарас» атты гранттық зерттеу жұмысы аясында ұйымдастырылды (жетекшісі Бекмагамбетов Р.К.). Жұмыстың негізгі мақсаты - мәдени-тарихи аспектіден балалық шақ феноменін талдау және түсіну.

Конференция жұмысына Италия, Польша, Түркия, Қырғызстан, Өзбекстан және Ресей сияқты елдерден халықаралық ғылыми қауымдастық өкілдері, сондай-ақ Астана, Алматы, Ақтөбе, Семей, Қарағанды, Тараз және басқа да қалалардан ғалымдар қатысты. Сонымен қатар, Қостанай облысы бойынша балалардың құқықтары жөніндегі өңірлік уәкіл Несибели Басенова да іс-шарада болды.

Қабылдау комиссиясы