object(DateTime)#1030 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-12-23 09:32:10.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}
ТДМ

Қостанай алқабындағы эксперимент

Baitursynuly University ғалымдары қытайлық әріптестерімен бірлесіп дақылдардың тәжірибелік сорттарын өсіруде.

 Тәжірибе алқаптарына Қытайдан әкелінген картоп пен бидайдың 9 түрі, сояның 5 түрі, жүгерінің 3 түрі, рапс пен жоңышқаның бір түрі отырғызылды.

Қостанай өңірінде өсімдіктердің тіршілік етіп кетуін А.Байтұрсынұлы атындағы ҚӨУ ғалымдары ғана емес, Солтүстік-батыс ауыл және орман шаруашылығы университетінің (NWAFU) магистранттары да бақылауға алған.

- Бұл университет Қытайдың топ-3 аграрлық жоғары оқу орындарының қатарына кіреді, - деді ҚӨУ ауыл шаруашылығы ғылымдары факультетінің деканы Алмабек НҰҒМАНОВ. - Бізде студенттерді оқытуға да, бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізуге де негізделген сан қырлы ынтымақтастық бар.

Қытайлық әріптестер біздің аймақта өсетін дақылдардың тұқымын таңдады. Шілде айының соңында серіктес университеттің ғалымдары бізге зерттеулердің қалай жүріп жатқанын көру үшін тағы да келеді.

Пробиркада вируссыз әдіспен өсірілген қытайлық шағын картоп түйнектері «Терра» ШҚ алқаптарына отырғызылды. Оның жетекшісі Владимир Семейкин ғылыми зерттеулерге қайтарымсыз көмектесуде. Бара-бара олар ауыл шаруашылығындағы серпіліс болуы мүмкін.

Жоспарда – біздің аймаққа картоптың ең қажетті сорттарын енгізу және оларды өндірістік ауқымда өсіру.

- Сынақ үш жыл бойы жүргізіледі, - деп түсіндіреді PhD докторы, ҚӨУ кафедрасының қауымдастырылған профессоры Әсия АҢСАБАЕВА. - Мақсат – биометриялық және сапалық көрсеткіштер бойынша ең жақсы сорттарды анықтау. Түйнектердің сақталуы маңызды болып табылады, өйткені Қытайда бір жылда картоп бірнеше рет жиналады, ал Қазақстанда олар қыста өсірілмейді.

Қытай магистранттары үшін далада жұмыс істеу – ең қолайлы тәжірибе. Олар Қостанай өңірлік университетінде 2 ай тағылымдамадан өтуде.

- Бұл мен үшін таптырмас тәжірибе, - дейді Tang Zhongyan. - Қостанайдағы оқу орда тәлімгерлері өте мықты мамандар, соның арқасында біз білімімізді жаңартып, шетелдік ауыл шаруашылығы технологияларымен таныстық.

Қостанайлық ғалымдар бұл халықаралық эксперименттің нәтижесінен Қазақстан-Қытайдың жаңа картоп сорттары шығатынына сенімді.

Қабылдау комиссиясы