Baitursynuly University делегациясы ҚХР-дағы іргелі ауылшаруашылық жоғары оқу орындарының бірі – Солтүстік-Батыс ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы университетінде (NWAFU) болды.
Ғылыми-зерттеу қызметі мен академиялық ұтқырлыққа бағытталған бірқатар ауқымды жобалар сапардың нәтижесі айналды. Қыркүйек айынан бастап Baitursynuly University-де «Агрономия» ББ бойынша қос дипломды оқыту бағдарламасы іске қосылады.
Делегация құрамына академиялық мәселелер жөніндегі проректор Ербол Исакаев, ауыл шаруашылығы ғылымдары факультетінің деканы Алмабек Нұғманов, қауымдастырылған профессор Әсия Аңсабаева, агрономия кафедрасының меңгерушісі Динара Құлтаева және докторант Меруерт Меделбек кірді.
Олар өздерінің ғылыми әзірлемелерін «Silkwoard workshop on sustainable Crop production» халықаралық семинарында ұсынды және ұйымдастырушы оқу орны NWAFU-мен бірлескен жұмысты егжей-тегжейлі талқылады. Айталық, NWAFU мен Baitursynuly University арасындағы ынтымақтастық Қытай тарапынан «Бір белдеу – бір жол» халықаралық бағдарламасы аясында жолға қойылған болатын.
NWAFU университеті өткен жылдың қазан айынан бастап біздің серіктесіміз, - дейді Ербол Исакаев. Бірнеше сапардың қорытындысы бойынша біз академиялық және зерттеушілік сипаттағы іс-шараларды қамтитын ынтымақтастықты іске асыру жөніндегі Жол картасының жобасын әзірледік. Осы айдың өзінде Baitursynuly University-ге Қытайдан үш айлық тағылымдамадан өтетін магистранттар келеді.
NWAFU де Baitursynuly University сияқты аграрлық аймақта орналасқан, сондықтан бірлескен ғылыми-зерттеу қызметіне баса назар аудару туралы шешім қабылданды. Қостанайдың егіс алқаптары халықаралық ауыл шаруашылығы экспериментінің алаңына айналады – мамыр айында ҚХР-дан элиталық дақылдарды сорттық сынау жоспарлануда.
Тәжірибені Baitursynuly University мен NWAFU ғалымдары ғана емес, сонымен қатар облыстың ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының басшылары да бақылайтын болады. Оларға қытайлық ғалымдар біліктілікті арттыру курстарын өткізіп, аграрлық саладағы соңғы жаңалықтармен бөліседі.
Болашақта бұл жұмыс жалғаса береді – Baitursynuly University базасында Тұқым шаруашылығы орталығы мен картопты вируссыз өсіру бойынша бірлескен зертхана құру жоспарлануда. Бұл тек ЖОО үшін ғана емес, өңіріміздің ауыл шаруашылығының барлық саласы үшін серпін болмақ.
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Боао Азия (Хайнань) форумының пленарлық сессиясының ашылу салтанатында атап өткендей, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету – бүгінгі күні №1 міндет:
Планета халқының үштен біріне жуығы әлі күнге азық-түлік тапшылығын сезінуде. Орталық Азиядағы бидайдың жетекші өндірушісі болып табылатын Қазақстан жаһандық азық-түлік тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін өзінің ауыл шаруашылығы әлеуетін пайдалануға ниетті. Ортақ күш-жігермен біз мақсатты бағдарламаларды, бірлескен агроинновациялық орталықтарды және инновациялық технологиялар трансфертін құру арқылы халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға тиіспіз.
Білікті кадрларды даярлау да басымдық болып қала бермек. Келесі оқу жылынан бастап серіктес жоғары оқу орындары академиялық ұтқырлық шеңберінде студенттер алмасуды жолға қойып, «Агрономия» ББ қос дипломды білім беру бағдарламасын іске қосуды жоспарлап отыр.