object(DateTime)#1025 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-04-20 01:32:09.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(9) "Asia/Omsk"
}

Қазіргі заманғы аграрлық ғылым мен ветеринарияның өзекті мәселелері мен даму тенденциялары

А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінде ветеринария ғылымдарының докторы, профессор Пионтковский Валентин Ивановичті еске алуға арналған «Қазіргі заманғы аграрлық ғылым мен ветеринарияның дамуының өзекті мәселелері мен тенденциялары» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Пленарлық отырыс оффлайн режимде, ал секциялар жұмысы онлайн режимде ұйымдастырылды. Конференцияға ауыл шаруашылығы, ветеринария саласындағы зерттеушілер, агроөнеркәсіптік кешеннің басшылары мен мамандары, оқытушылар, магистранттар, докторанттар, аспиранттар, Қазақстан, Ресей, Литва, Польша мемлекеттерінің студенттері қатысты.

Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияны А.Байтұрсынов атындағы ҚӨУ-нің Ғылым және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру департаменті директорының міндетін атқарушы, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты Гүлшат Шайкамал ашты.

Пленарлық отырысқа және секция жұмыстарына барлығы 120-дан астам адам қатысты, секцияларда 68 баяндама тыңдалды, оның 23-і ауылшаруашылық және 45-і ветеринария ғылымдарына байланысты.

Конференцияға қатысушылар жануарлар мен құстардың денсаулығын сақтауға және жоғары сапалы ауылшаруашылық өнімдерін өндіруге бағытталған аграрлық ғылым мен ветеринарияның көптеген ғылыми, әдістемелік, практикалық, ұйымдастырушылық және басқарушылық мәселелерін талқылады.  

Қабылдау комиссиясы