object(DateTime)#1039 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2025-03-28 08:02:13.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}
ТДМ

Агроинтеллект шайқасы

Құрметті білгірлер, ең ақылды және білімді студенттер қайда оқиды? Ал енді назар аударыңыз, дұрыс жауап: әрине, Baitursynuly University!

Дәл осы жерде, агрономия кафедрасында, “Не? Қайда? Қашан?” интеллектуалдық ойынында екі мықты команда - “Ақиқат дәні” мен “Агроқуат” - өзара бақ сынасты.

Ойын әдістемелік инновациялар айлығы аясында өтті. 1-3 курс студенттері өздерінің жоғары эрудициясын, агрономия саласындағы білімдерін және топпен жұмыс істеу қабілеттерін көрсетті.

Қатысушылар “Тұқымды тап” сайысына қатысты, егіс айналымын құрып, жер өңдеудің оңтайлы схемаларын әзірледі, сондай-ақ “Ретро ма, әлде жаңашыл ма?” атты мини-дебатқа қатысты. Бір команда дәстүрлі егіншілік әдістерін қорғады, ал екіншісі заманауи агротехнологияларды қолдады.

Ерекше ойын көрсеткен барлық қатысушыларға алғыс білдіреміз! Ал әділ қазыларымыз - Динара Жамалова мен Айжан Жилкишиноваға және модератор Динара Культаеваға – әділдік пен қолдау үшін рақмет! Жаңа кездесулер мен интеллектуалдық сайыстарды асыға күтеміз!

Қабылдау комиссиясы