object(DateTime)#1025 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-03-29 19:00:40.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(9) "Asia/Omsk"
}

Ұжымдық монографияның тұсауы кесілді

Бүгін Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің Қазақстан халқы Ассамблеясының Жобалық кеңсесі базасында республикалық деңгейдегі іс-шара – Қазақстан халқы Ассамблеясының Қостанай облысы бойынша ғылыми-сараптамалық тобының отырысы өтті.

Отырысты Қостанай облысы бойынша ҚХА ғылыми-сараптамалық тобының төрағасы, философия ғылымдарының кандидаты Денис Качеев ашып, 2020-2021 жылдарға арналған ғылыми-сараптамалық қызметінің қорытындылары туралы баяндама жасады. Ал Мемлекет тарихы институтының (Нұр-Сұлтан) директоры, тарих ғылымдарының докторы Еркін Әбіл Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметін ғылыми-сараптамалық қолдаудың маңыздылығын атап өтті.

Қостанай облысы ҚХА ҒСТ мүшесі, филология ғылымдарының докторы Марьяш Кадралинова Қазақстан дамуы тұрақтылығының негізі болып табылатын ұлтаралық келісім мен ұлттық бірлікті сақтаудағы мемлекеттік саясатқа назарын аударды. Сондай-ақ «Қоғамдық Келісім» КММ (Нұр-Сұлтан) директорының орынбасары Хадиша Ерсейітова Қостанай облысы бойынша ҚХА ғылыми-сараптамалық тобының жұмысын жоғары бағалады.

Шара соңында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Этносаралық қатынастардың өзекті мәселелері: қазіргі жағдайы мен болашағы (Қостанай облысының материалдары негізінде)» атты ұжымдық монографияның тұсауы кесілді.  

Қабылдау комиссиясы