Skip to content

Міржақып Дулатовтың адалдық, тәрбие және теңдік туралы ойлары

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен «Ұлт ұландары» тақырыбында кезекті онлайн адалдық сабағы өткізілді.

Адалдық сағаты қоғам қайраткері, жазушы, ағартушы, "Алаш" партиясының мүшесі, ұлы тұлға Міржақып Дулатовқа арналған.

Оның «Оян, қазақ» өлеңдер жинағы және «Бақытсыз Жамал» романы көрнекті әдеби шығарма және халықтың даналығы мен ізгілік үлгілері ретінде оқырманның жадында мәңгі сақталады.

Жыл сайын Қазақстанның жазушылар Одағы Міржақып Дулатов атындағы әдеби сыйлықақы береді, ал М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университет қабырғасында студенттер арасында жыл сайын Дулатов оқуларын өткізеді. Туындылары көптеген ұрпақ үшін адами құндылықтардың үлгісі ретінде қызмет етеді. Бүгінгі күні біздің облыстық және республикалық маңызы бар қалаларымыздың негізгі көшелері оның есімін иеленген.

Міржақып Дулатовтың өмірі шынайы патриот болуға, өз халқына адал және әділ қызмет етуге үйретеді.

Осы ұлы тұлғаның өмірбаяны мен творчествалық жолы туралы  онлайн "Адалдық сағаты" барысында еліміздің жастарына айтылды.

Бейне оқулыққа сілтеме: https://www.youtube.com/watch?v=liKL5U_VtIo 

Call center - 8 (7142) 93-10-10