Skip to content

Ұлы дала мәрттігі

Бүгін Алғыс айту күні қарсаңында Ө.Сұлтанғазин атындағы Педагогикалық институттың акт залында «Ұлы дала мәрттігі - Щедрость Великой степи» тақырыбындағы кездесу өтті.

Алғыс айту күні 2016 жылдан бастап тойланып келеді. Аталмыш мерекені осы жылдың 14-ші қаңтарында Қазақстан республикасының бірінші Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні 1 наурызды елімізде Алғыс айту күні деп жариялап, Жарлыққа қол қойған болатын.

Алғыс айту күні – күрделі заманды иық тіресе бірге еңсеріп Тәуелсіз Қазақстанды құру жолында аянбай тер төккен еліміздің барлық азаматттарының бір-біріне құрмет білдіретін күн.

Кездесу барысында шақырылған спикерлер, корей және поляк этномәдени бірлестіктерінің өкілдері Василиса Ким мен Виктор Радомский студенттерге өз халықтарының қайғылы оқиғаларын айтып берді, сонымен қатар оларға төзімділік пен қолдаудың маңыздылығын еске салды.Алғыс айту күні ел тарихындағы тағы бір маңызды оқиға – бүгінде құрылғанына 26 жыл толып отырған Қазақстан халқы Ассамблеясымен тікелей байланысты. Қостанай облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, А.Байтұрсынов атындағы ҚӨУ-нің профессоры Валерий Вишниченко Ассамблеяның құрылу тарихы туралы айтып берді, сонымен қатар маңызды статистикалық мәліметтер келтірді. Оның айтуынша, Қазақстанға 62-ге жуық этникалық топ жер аударылды. Осы жылдары 800 мыңға жуық немістер, 18,5 мың кәрістер, 200 мыңнан астам поляктар және 507 мың Солтүстік Кавказ халықтарының өкілдері қоныстандырылды. Бұл қатарда Қырым татарлары, түріктер, гректер, қалмақтар да бар. Оқу ордамыздың студенттері сахналанған көрініс арқылы сол жылдардағы халықтың тұрмысын көрсетті, іс-шараға келген көрермендерге қазақ халқының дәстүрлі тағамдарынан ауыз тигізді. Бұл күні өзге ұлт өкілдерін асқан жомарттықпен қарсы алған қазақ халқына алғыс айтылды.

Call center - 8 (7142) 93-10-10