object(DateTime)#1025 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-04-19 19:22:15.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(9) "Asia/Omsk"
}

Есімдері ел есінде

Ұлы Отан соғысы – ауқымды трагедия, оның зардаптары бүгінгі күнге дейін сезілуде. Шынында да, осы қатал және қиын жылдары көптеген отандастарымыз қаза тапты, көптеген адамдар хабарсыз кетті.

Бүгінгі күні бүкіл әлемде жоғалып кеткен сарбаздарды іздеу бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Іздеу топтары көптеген жылдар өткеннен кейін шайқас өткен жерлерге экспедициялар ұйымдастырып, сарбаздардың сүйектерін тауып, оларды өз Отанына қайтаруда. Қазақстанда мұндай игі істі «Атамның аманаты» қоғамдық бірлестігі жүзеге асырады. Қоғамдық бірлестік мүшелері осы уақытқа дейін көптеген сарбаздардың сүйектерін тауып, Отанына алып келді. Бұл бірлестік Қазақстанның барлық аймақтарымен, ТМД елдерімен, жақын және алыс шетелдермен белсенді ынтымақтастықта.

Чужинов атындағы экономика және құқық институты да шет қалмады. 2020 жылдың күзінде біздің Институт «Атамның аманаты» ҚБ-мен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Осы келісім аясында институтта «Жеңіс ұрпақтары» еріктілер патриоттық клубы құрылды, оның құрамына әр түрлі курстар мен мамандықтардың студенттері кірді.

Клубтың жұмысы және одан әрі ынтымақтастығы шеңберінде «Жеңіс ұрпақтары» клубы еріктілерінің «Атамның аманаты» қоғамдық бірлестігінің өкілдерімен онлайн кездесуі өтті. Бұл жиында қоғамдық бірлестік төрағасының орынбасары Райгүл Мушанова сөз сөйледі. Ол өз баяндамасында студенттерге атқарылған жұмыс нәтижелері туралы, жыл бойына біздің елде болған ауқымды шаралар туралы айтып берді. Сондай-ақ, студенттер іздеу іс-әрекетін жүргізу әдістері туралы білді.

Кездесу жоғары деңгейде және өте нәтижелі өтті.

Қабылдау комиссиясы