object(DateTime)#1028 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-07-17 22:38:05.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

Жангелді ауданының оқушыларымен кездесу

Бүгін А.Айтмұхамбетов атындағы Инженерлік-техникалық институты Жангелді ауданының орта мектептері, Ы.Алтынсарин атындағы қазақ орта мектебі, Н.Г.Иванов атындағы орыс орта мектебі, Ш.Уәлиханов атындағы орта мектептерінде кәсіптік бағдар беру жұмысын жүргізді.

Институт директорының Мансап және жұмыспен қамту жөніндегі орынбасары Марғұлан Бәкір мектеп оқушыларына институт мамандықтары, әскери кафедра жайлы толық ақпарат берді.

Талапкерлерге университетке түсу талаптары, қажетті құжаттар, дайындық бағыттары айтылып, А.Байтұрсынов атындағы ҚӨУ жайлы ақпараттық материалдар таратылды.

Кездесу соңында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, тиісті жауап алды.

Қабылдау комиссиясы