object(DateTime)#1026 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-07-01 02:15:58.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

ДЕНИСОВ АУДАНЫНЫҢ МЕКТЕП ТҮЛЕКТЕРІМЕН КЕЗДЕСУ

Университет аудандарға барып кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізуді жалғастыруда. Осы жолы ҚӨУ-нің өкілдері бекітілген кестеге сәйкес Денисов ауданының мектеп бітірушілерімен кездесті.

Кездесу Денисовка ауылының мәдениет үйінде өтті, онда Аят, Баталин, Қырым, Приреченска, Свердловск, Глебовск, Фрунзен жалпы білім беретін мектептерінен, сондай-ақ Денисовканың үш мектебінен, барлығы 70-ке жуық мектеп бітірушілер жиналды. Олардың барлығы университет туралы ақпаратты қызығушылықпен тыңдады.

Факультет өкілдері білім беру бағдарламалары туралы айтса, студенттік актив өкілдері - университеттегі студенттік өмір, сондай-ақ ЖОО-да оқудың артықшылықтары жөнінде мәлімет берді.

ҚӨУ-нің командасы Денисов ауданының білім бөлімінің басшысы Қайрат Әлиевке және ауданның білім бөлімінің әдіскері Зарина Дүйсебаеваға мектеп түлектерімен кездесуді ұйымдастыруға көмектескені үшін алғыс білдіреді.

 

Қабылдау комиссиясы