Психология пәнінің кіші академиясы Baitursynuly University алаңында психологияны жақсы көретін оқушылар, студенттер мен педагогтарды тағы да жинады!
Іс-шараның ұйымдастырушы - ҚӨУ психология кафедрасы. Оқушыларды әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар факультеті деканы Алибек ТАБУЛДЕНОВ құттықтап, университеттегі мамандықтар туралы айтып берді.
Интерактивті ойындар мен тренингтер қатысушыларға тек ойлау қабілеттерін дамытып қана қоймай, сонымен қатар адам жанының зерттеушісі рөлінде өздерін сынап көруге мүмкіндік берді. Ал психология кафедрасының студенттері мен оқытушылары дайындаған концерттік нөмірлер барлық қатысушыларға ұнады.
Естеріңізге сала кетейік, психология пәнінің кіші академиясы Baitursynuly University 2021 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Бұл тек білім беру және дамыту жобасы ғана емес, сонымен қатар кәсіби бағдар беру алаңы. Оқушыларға өздерінің жақсы жақтарын тереңірек түсінуге және болашақ мамандықтарын таңдау жолында көмек көрсету мақсатында жұмыс істейді.