object(DateTime)#1028 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-07-18 18:03:10.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

Baitursynuly University-ге ТҮСУДІҢ 10 СЕБЕБІ

Әне-міне дегенше соңғы қоңырау, ал сен әлі жоғары оқуды таңдамадың ба? Біз саған шешім қабылдауға көмектесеміз!

Сонымен, Baitursynuly University-ді таңдаудың 10 себебін айтып берейік.

  1.  Бізде 142 білім беру бағдарламасы бар. Олардың арасында сен армандаған мамандық бар.  
  2.  Baitursynuly University – 80 жылдық толағай тарихы және білікті оқытушылар құрамы мен бай материалдық-техникалық базасы бар ЖОО. 
  3.  Біз өңірдің барлық ірі кәсіпорындарымен байланыстамыз. Оқи жүріп, жұмыс та істеуге мүмкіндігің бар. Жұмысқа орналасуда кедергі жоқ. 
  4.  Әлемді көруді армандайсың ба? Бұл мүмкін дүние! Біздің 300 студентіміз шетелде академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша оқып жүр. Толығырақ: @kru_international.
  5.  Біздің оқу ордамызда ғылыми зерттеулер үшін барлық жағдайлар бар: техникалық жабдықталған зертханалар, гранттық қаржыландыру және ғылыми тағылымдамалар.
  6.  Бізде заманауи инфрақұрылым бар: 7 ғимарат, 3 студенттер үйі, 3 спорт залы, смарт-орталық, кітапханалар, дәмханалар, заманауи дәрісханалар, акт залдары мен конференц-залдар, тіпті өз мұражайларымыз.
  7.  Baitursynuly University-де солтүстік аймақ бойынша жалғыз әскери кафедра бар. Небары 2 жылдың ішінде 5 әскери-есептік мамандық бойынша запастағы офицер бола аласың. Қыздарға да мүмкіндік бар.
  8.  Бірден – біздің және шетелдік үлгідегі екі диплом ала аласың. Біз шетелдің жетекші жоғары оқу орындарымен ынтымақтасамыз. Оқудың бір бөлігін кез келген шетелдік ЖОО-да жалғастыруға болады.
  9.  Ғажайып локация. Ғимараттарымыз қаланың ыңғайлы нүктелерінде орналасқан. Бас ғимарат Қостанайдың дәл орталығында әрі саябақ іргесінде орналасқан.  Бағандары көз тартар ғимараттың алдындағы селфи – бұдан былай сен туралы естелік.
  10.  Сөз соңында, көңіл-күйіміз көтеріңкі. Қызығушылық танытсаң,көптеген клубтар арасынан өзіңе ұнағанын таба аласың! Ал біздің активіміз – тұтас студенттік парламент. Олардың тіпті өз аккаунты бар: @baitursynuly_parliament

 Бұл туралы бүгін IQostanay орталығында өткен ауқымды кәсіптік бағдар беру іс-шарасында оқушыларға айтып бердік.  

 Сұрақтар бар ма? Болса, осында:

@kru_kst_priyem қоя аласыз

📲 WhatsApp +7 775 143 4142  

 Сені Baitursynuly University-де күтеміз!  

 #baitursynuly_university #байтұрсынұлы_университеті #қөу_костанай #үздікжоо

Қабылдау комиссиясы