Академиялық ұтқырлық - бұл тек оқу ғана емес, жаңа мәдениетпен танысу, жаңа достар табу және басқа елдің өмір салтын сезіну мүмкіндігі.
Baitursynuly University университетінің «Шетел тілі: екі шетел тілі», «Химия-Биология» және «Физика» білім беру бағдарламаларының студенттері Лодзь университетінде (Польша) білім алып, осындай ерекше тәжірибеге ие болды.
– Бұл мен үшін үлкен мүмкіндік болды, – дейді «Химия-биология» ББ-ның 3-курс студенті Виталий КУДРИЦКИЙ. – Әсіресе, практикалық сабақтар көп нәрсе үйретті. Біз поляк студенттерімен бірге жұмыс істеп, командада әрекет етуді үйрендік. Сондай-ақ, білім беру жүйесіндегі айырмашылықтарды байқау да қызықты болды.
Бос уақытында студенттер саяхаттады. Прага орта ғасырларға саяхат жасатқандай болды: Ескі қаланың тас төселген көшелері, тұманға оранған Карлов көпірі, жергілікті трдельник (ұлттық тәтті тағам) ұсынылған жайлы кафелер. Осло табиғат пен урбанистиканың үйлесімімен таңғалдырды. Копенгаген – өзінің жайлы минимализмімен есте қалды. Париж – Эйфель мұнарасындағы күн батуымен, круассанның хош иісімен және Луврмен баурап алды. Римде студенттер Колизейден бастап, сүйкімді Трастевере ауданына дейінгі барлық көрікті жерлерді аралап шықты.