Baitursynuly University – компьютерлік көру технологиясына негізделген офлайн-прокторинг жүйесін енгізген Қазақстандағы тұңғыш жоғары оқу орны. Бұл – білім беру процесін цифрландырудағы және академикалық адалдықты қамтамасыз етудегі үлкен серпіліс.
Бұған дейін прокторинг тек компьютерде өтетін тестілеу кезінде ғана қолданылатын. Ал жаңа интеллектілік жүйе емтиханның әділ әрі ашық өтуін қамтамасыз етіп, студент білімін шынайы бағалауға мүмкіндік береді. Ол жазбаша және ауызша емтихандарға дайындық барысын,әрі емтихандардың өзін де толық бақылайды.
Қазіргі таңда бұл жүйе университеттің 5 оқу корпусын қамтып отыр. Емтихан аудиторияларына кез келген ереже бұзушылықты лезде тіркейтін 10-нан астам заманауи камера мен арнайы аппараттық кешен орнатылды.
– Университетімізде цифрлық білім беру ортасын дамытуда тағы бір маңызды қадам жасадық. Q-Vision offline proctoring интеллектуалды ақпараттық кешенін енгіздік. Бұл жүйе аралық бақылау мен қорытынды аттестация кезінде академиялық адалдықты 100% қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Ең бастысы – Қазақстан бойынша мұндай технологияны алғаш рет қолданысқа енгізіп отырған тек біздің университет!, – деді ҚӨУ Академиялық мәселелер жөніндегі проректоры Эльмира Наурызбаева.
Айта кету керек, бұл бірегей IT-шешімді отандық компания Astana Hub қатысушысы әзірлеген.
ҚӨУ еліміздегі барлық жоғары оқу орындары үшін білім сапасының жаңа межесін белгілеп отыр!
