20 сәуірде педагогикалық институттың жаратылыстану пәндері кафедрасының білім беру бағдарламалары студенттерінің, оқытушылардың, ББ түлектерінің, қала және аудан мектептері мұғалімдерінің қатысуымен дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Дөңгелек үстел барысында жоғарыда аталған білім беру бағдарламаларын дамыту мәселелері талқыланды. Іс-шараның модераторлары - кафедраның қауымдастырылған профессорлары, п.ғ.к. Ольга Чернявская және б.ғ.к. Галия Ручкина. Олар алғы сөзден кейін қонақтарға білім беру бағдарламаларының сапасы мен олардың мектептегі білім беру бағыттарына сәйкестігі туралы өз пікірлерін білдіріп, университет қабырғасында студенттерді дайындауда қандай пәндерге баса назар аудару керектігін ұсынуды сұрады. Сондай-ақ қонақтар ұстаз болу және кәсіби өсу жолдары туралы өз тәжірибелерімен бөлісті.
Химия пәнінің мұғалімдері студенттердің білімін шыңдау үшін университетте бейорганикалық химия, органикалық химия, физикалық химия, химияны оқыту әдістемесі сияқты пәндерді тереңдетіп оқытып, мектептегі іс қағаздарды жүргізуді үйрететін жаңа пән енгізу қажеттігін атап өтті. Ал биолог мамандар жоғары сынып оқушыларына биологияны табысты оқыту үшін «Микробиология» пәнінің пайдасы зор екенін айтты. «Дарынды балалармен, сондай-ақ ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс істеуге назар аудару өте маңызды»,-дейді педагогтар.
Іс-шараның қонақтары: Айгүл Алматова – С.Мәуленов атындағы мектеп-гимназиясының химия пәнінің мұғалімі, Алмагүл Иманкулова – Ы.Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-интернаттың биология және химия пәнінің мұғалімі, Жеңіскүл Божекенова – №28 мектеп-гимназиясының биология пәнінің мұғалімі, Бузмакова Ирина Александровна – биология пәнінің мұғалімі, №21 орта мектеп директорының оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары, Қаракөзайым Нұрсұлтанова – физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің химия пәнінің мұғалімі, Зарина Туманова - Озерный орта мектебінің биология және химия пәнінің мұғалімі, Ержан Ережепов – №18 мектеп – гимназиясының химия пәнінің мұғалімі, Алтын Есқатова – «Озат» мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының химия пәні мұғалімі және т.б.
Бұл пікір алмасу барлық қатысушылар үшін өте маңызды және нәтижесінде білім беру бағдарламаларын дамыту стратегиясында шешім қабылдау үшін негіз болады.