object(DateTime)#1039 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2025-02-22 09:14:33.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}
ТДМ

БАҚ тілі: теориядан практикаға дейін

Неліктен қазіргі медиа саласында жауластыру риторикасы қолданылады? Жарнамалық және журналистік мәтіндерде қандай типтік қателіктер кездеседі? Baitursynuly University журналистика және коммуникациялық менеджмент кафедрасының оқытушылары, студенттері мен магистранттары осы сұрақтардын жауабын іздеді.

Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар факультетінің инновациялар айлығы аясында өткен «БАҚ тілі мен стилі» атты ғылыми-танымдық семинар тілдік мәселелерді талқылау алаңы болды. Ұйымдастырушы - кафедраның аға оқытушысы Айсұлу Мұханбетжанова.

Семинарда қозғалған өзекті тақырыптар теорияны практикамен байланыстырып қана қоймай, студенттер, магистранттар мен жұмыс істейтін журналистердің ғылыми зерттеулеріне айналды.

Семинар қатысушылары күрделі лингвистикалық тақырыптарды практикалық зерттеулермен бекітті. 2 курс студенті - Аружан Анисова Қостанайдағы қазақ тіліндегі жарнамаларды талдап, типтік қателіктерді анықтап, мәселені шешу жолдарын ұсынды. 3 курс студенті - Раушан Айтбаева «Қазақстандық медиа кеңістіктегі жауласу тілі» тақырыбында зерттеу жүргізіп, масс-медианың қоғамдық көңіл-күй қалыптастырудағы рөлін талдады. 2
курс студенттері - Алексей Эндрес пен Злата Иванова журналистік материал жазудағы тілдік тәсілдер, риторикалық сұрақтар, штамптар мен қызықты тақырыптар туралы айтып берді. 1 курс магистранттары - Адиля Аубакирова мен Яна Гарькуша кәсіби жолын жаңадан бастаған журналисттерге пайдалы кеңестер берді.

Грамматика мен стилистика мәселелері де назардан тыс қалмады. Диана Искакова көтерген калька сөздер мәселесі де өзекті болып табылады.

Студенттер спикерлерге сұрақтар қойып, тілдік мәселелерді талқылауға белсене қатысты. Іс-шара соңында кафедра меңгерушісі Балажан Мұстафина қатысушыларға сертификаттар табыстап, ұйымдастырушыларға қызықты және пайдалы кездесу үшін алғыс білдірді.

Қатысушылар мұндай семинарлар жаңа білім алу ғана емес, қазіргі медиа саласында аса маңызды болып табылатын сыни ойлауды дамытуға да көмектесетінін атап өтті.

Қабылдау комиссиясы