object(DateTime)#1030 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-12-24 05:11:44.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}
ТДМ

Жұмыс берушілермен кездесу

ZOOM платформасында А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің тіл және әдебиет теориясы кафедрасы және «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығының әріптестік ынтымақтастығы аясында ұйымдастырылған «Филология мамандығы бойынша білім беру бағдарламаларын жетілдірудің өзекті мәселелері» атты онлайн дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелдің модераторлары – филология ғылымдарының кандидаты, доцент Айтбибі Оразбаева және «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығының оқытушысы, филология магистрі Айнұр Миркемелова.

Дөңгелек үстелге Филология мамандығы бойынша жұмыс берушілер ретінде «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығының басшысы Жұлдызай Ербатырова, Л.Тостой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының директоры  Дариха Дюсибаева, «Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы» ММ Әдістемелік қолдау орталығының Мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру мониторингтік бөлімінің басшысы Нұржан Оразғалиұлы, Qostanai арнасының заңгері Қанат Исмағамбетов, «Біздің Қостанай» газетінің редакторы Сералы Мырзабай, К.С. Мұратбекова «Қостанай облыстық көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының кітапханасы» КММ қатысты. 

Дөңгелек үстелде тіл және әдебиет теориясы кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты, профессор Биғайша Ахметова филология мамандығының білім беру бағдарламалары және оларды жетілдірудің тиімді жолдары жөнінде сөз сөйледі.

Доцент Айбибі Оразбаева және филология магистрі, аға оқытушы З.Тасмағамбетова 6В02301/6В02304 Филология (қазақ, орыс), 7М02301/7М02304 Филология (қаз.,орыс) мамандығының білім беру бағдарламаларының мақсаты мен міндеттері және ондағы мамандықтың нарықтық экономикадағы сұраныстарын ескере отырып енгізілген пәндерге талдау жасады.

Жұлдызай Ербатырова, Дариха Дюсибаева мамандықтың білім беру бағдарламаларының филология саласында құзыретті, сонымен бірге нарықта сұранысқа ие  мамандарды даярлаудағы рөліне баға бере отырып, білім беру бағдарламаларын одан әрі жетілдірудегі жаңаша көзқарастарын білдірді.

Тіл және әдебиет теориясы кафедрасының оқытушылары мен магистранттары да өз ойлары мен тың көзқарастарын ортаға салды.

Дөңгелек үстел барысында филология мамандығы білім беру бағдарламаларын жетілдіру мәселелері бойынша жасалған талдаулар мен айтылған ой-пікірлерді есепке ала отырып, «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығы тарапынан Айнұр Миркемелова 6В02301-Филология мамандығы бойынша оқыту әдістемесін жетілдіру мақсатында «Қазақ тілін және әдебиетін оқытудың әдістемелері» пәндерінің мазмұнына орта мектептердегі жаңартылған оқу бағдарламасына сәйкес модуль енгізуді ұсынды. Сонымен бірге 7М02301/7М02304 Филология (қазақ, орыс) мамандығының білім беру бағдарламасына тіл білімінің жаңа бағыттағы, қолданбалы сипаттағы пән ретінде «Контрастивтік лингвистика» пәнін енгізуді ұсынды. Дөңгелек үстелге қатысушылар бұл ұсыныстарға қолдау білдірді.

Оқытушылардың еңбектеріне тың серпін беруде және мамандық бойынша білім беру сапасын арттыруда аталмыш іс-шараның маңызы өте зор.

 

Қабылдау комиссиясы