Ашық аспан астындағы ТАРИХ сабағы

«Қазақстанның жаңа тарихы» және «Өлкетану» пәндерін оқыту аясында Ө. Сұлтанғазин атындағы педагогикалық институттың Қазақстан тарихы кафедрасының оқытушысы Айбек Шалғымбеков студенттер үшін ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсариннің кесенесіне экскурсия, ашық аспан астында сабақ ұйымдастырды.

Тарихшы-студенттерді қазақ даласындағы тұңғыш ұстаздың кесенесіне апару – Айбек Батырханұлының жыл сайынғы игі дәстүріне айналған.

Ашық аспан астындағы мұндай сабақтар қызықты форматта өтеді: студенттер тек теорияны меңгеріп қана қоймай, тарихқа терең бойлайды.

Таза ауада олар тақырыпты оңай түсінеді. Айбек Батырханұлы Ыбырай Алтынсариннің өмір жолы, педагогикалық қызметі, оқу құралдары және мектеп ашудағы еңбегі туралы қызықты әңгімеледі.

Профессордың айтуынша, мұндай сабақтардың практикалық маңызы да зор. Болашақ педагогтар экскурсиялар мен көшпелі сабақтарды ұйымдастыруды үйреніп, кәсіби қызметінде қажет болатын дағдыларды меңгереді.

Экскурсия соңында студенттер қызықты рәсім жасап та үлгірді: олар дала қоңырауын соқты - бұл дәстүрге бойынша тілектер орындалады, жақсы баға алады деген болжам бар.

Кейін өздерімен бірге алып келген жеті шелпекті бірге бөлісіп жеп, көтеріңкі көңіл-күймен тарасты.

Қабылдау комиссиясы