object(DateTime)#1025 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-04-14 14:19:59.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(9) "Asia/Omsk"
}

УНИВЕРСИТЕТ ПЕН КОЛЛЕДЖ АРАСЫНДА МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

Бүгін А.Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің ректоры Сейтбек Қуанышбаев пен Қостанай жоғары политехникалық колледжінің директоры Құсайын Қаткенов ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Алдағы уақытта білім беру, ғылыми-техникалық және инновациялық қызметте ынтымақтастық орнату, сондай-ақ университеттер мен колледждердің студенттері мен оқытушыларының білім беру, мәдениет, спорт және басқа да бірлескен іс-шараларға белсенді қатысуы жоспарлануда.

"Біздің басты міндетіміз – білікті мамандарды дайындау. Осы орайда біз университет ғалымдарымен бірлескен ғылыми жобаларды, сондай-ақ оларды білім беру бағдарламаларын әзірлеуге сарапшы ретінде тартуды жоспарлап отырмыз", – деді Құсайын Қаткенов.

Университет пен колледж ұзақ уақыт бойы әртүрлі салаларда ынтымақтастықта, атап айтқанда, колледж базасында өтетін халықаралық WorldSkills қозғалысына университетіміздің студенттері қатысады. Ректор сонымен қатар кәсіптік бағдар беру жұмысына алаң берген колледж басшылығына алғысын білдірді.

Қабылдау комиссиясы