object(DateTime)#1025 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-04-20 01:28:42.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(9) "Asia/Omsk"
}

ҚӨУ студенттеріне DAAD шәкіртақысы тағайындалды

2020 жылдың жазында А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің «Шетел филологиясы» мамандығының 3 курс студенттері Алина Беркимбаева мен Айгерім Кенжебек халықаралық DAAD шәкіртақысын тағайындау байқауына қатысты. Бұл байқау студенттерге неміс тілінде сөйлеу деңгейін арттыру үшін жазғы тілдік курстарға Германияға бару мүмкіндігін береді. Алайда, пандемия өз түзетулерін енгізді: OnSet неміс тілінің деңгейін растау үшін өткізілетін оффлайн тестілеу тоқтатылды. Осыған қарамастан DAAD өкілдері жағдайдан шығу жолын тауып, тестілеудің онлайн-форматын ZOOM платформасында өткізуді ұсынды. Біздің студенттер онлайн-емтиханнан сүрінбей өтті. 2020 жылдың 23 қазанында DAAD оқытушысымен онлайн сұхбат өткізілді, онда Алина мен Айгерім өздерінің тілдік деңгейлерін растады. Нәтижесінде 2021 жылдың 14 сәуірінде студенттеріміздің тілдік курсқа өткендігі туралы хабар келді. Бірақ әлемдегі эпидемиологиялық жағдайдың өзгермегендігіне байланысты курсты онлайн өтуге тура келеді. Біздің жеңімпаз қыздарға 450 евро көлеміндегі шәкіртақы тағайындалды.

Қабылдау комиссиясы