Skip to content

ҚӨУ-нің өзіндік үлгідегі алғашқы дипломдары

Биылғы университет түлектері үшін оқу форматы ғана емес, бәрі де ерекше болды. Біріншіден олар – Қостанай өңірлік университетінің алғашқы түлектері, сондай-ақ бірінші болып А.Байтұрсынов атындағы ҚӨУ-нің өзіндік үлгісіндегі дипломдарына ие болды.

Біздің диплом – сапа кепілдігі, еңбек нарығында еркін бәсекелестік мүмкіндігі.

Оқу ордамыздың түлектері жоғары білім деңгейімен, кәсіби құзыреттердің кең жиынтығымен, инновациялық ойлау қабілетімен және прогрессивті дүниетанымымен ерекшеленеді.

Құрметті талапкер, сен де білікті, кәсіби маман атанғың келсе, өңірдегі үздік ЖОО-ның бірі Қостанай өңірлік университетін таңда! Ал түлектерімізге өмірдің келесі белесіне басқан қадамдарыңыз құтты болсын, университет қабырғасында алған білімдеріңіздің жемісін көріңіздер демекпіз!