Ректораттың кезекті отырысыда кітапхана қорын толықтыру бойынша ақпараттық-кітапхана орталығы қызметінің мәселелері қаралды.
Заманауи білім берудің жаңа талаптарына сәйкес кітапхана қорын қалыптастыру – стратегиялық маңызы бар мәселе.
Жинақтау процедурасының тиімділігін арттыру мақсатында оны келесі критерийлер бойынша өткізу туралы шешім қабылданды:
Ұтымды жинақтау - қорды жаңартып қана қоймай, барлық білім беру бағдарламалары бойынша заманауи кітапхана ресурстарының жеткілікті және қажетті мөлшерімен толығуына көмектеседі.
Кітапхана мемлекеттік тілдегі әдебиеттермен, көптілді әдебиеттермен және педагогикалық бағыттағы әдебиеттермен байытылатын болады.
Заманауи сын-қатерлер жағдайында өзіндік ғылыми және білім беру цифрлық ресурстарын дамыту мәселесі ерекше өзектілікке ие болып отыр. Мұндай ресурстардың негізін көбіне білім беру және әдістемелік материалдар құрайды және олардың авторлары – ЖОО оқытушылары.
Белгілі бір пәндер бойынша ПОҚ оқу-әдістемелік құралдарының бүгінгі қордағы саны студенттердің қажеттілігін қанағаттандырады. "КАБИС" автоматтандырылған кітапхана жүйесінде біздің ғалымдарымыздың 2500-ден астам толық мәтінді оқу құралдары бар. Бұл тізім әлі де жаңарады. Өйткені біздің оқытушыларымыздың ғылыми еңбектері мен әдістемелік оқу құралдарының тізімі жыл сайын толығып тұрады.
Университеттің қолы жетімді ресурстары:
✅ Web of Science, Scopus халықаралық электрондық ақпараттық ресурстары,
✅ ҚазҰЭК электрондық ресурстарына, Bilimland.kz, Ашық кітапхана, ғылыми Электронды кітапхана e-library и Лантар трейд,
✅ Юрайт компаниясының "Аңызға айналған кітаптар" бөліміне мерзімсіз жазылу,
✅ Google Scholar-да индекстеуден өткен институционалдық репозиторий жұмыс істейді.
Ұжым студенттерге ұсынылатын әдебиеттердің сапасын арттыру, оның білім беру бағдарламаларына сәйкестігі, өзектілігін бақылау және пандемия жағдайында қол жетімділікті қамтамасыз ету бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде.