object(DateTime)#1029 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-09-19 07:11:15.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

ҚӨУ-де Эразмус+ бағдарламасы қалай жүзеге асырылып жатыр?

Эразмус+ бағдарламасының іске асырылып жатқан жобалары бойынша институционалдық мониторинг жүргізілді. Еліміздегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты мониторинг алғаш рет онлайн режимде жүргізілді.

Мониторингті Еуропалық Комиссияның Білім, мәдениет және аудиовизуалды құралдар жөніндегі Атқарушы агенттігінің халықаралық сарапшысы Dr.Ronald Voogt жүргізді.

Бүгінде университет ұжымы 14 халықаралық жобаны жүзеге асыруда. Еурокомиссия өкілдері мен Қазақстандағы Эразмус + ұлттық кеңсесінің директоры Шайзада Тасболатова бұл өңірлік университет үшін өте жақсы көрсеткіш екенін атап өтті.

Жобалардың үйлестірушілері мен жұмыс топтары мониторинг рәсіміне белсенді қатысты. Тексеру жұмыстарындағы басты өлшемшарттар мыналар болды:

- аяқталған жобалардың және олардың нақты нәтижелерінің таралуы мен тұрақтылығы тұрғысынан әсері;

- жалпы операциялық қабілетін және халықаралық ынтымақтастық бойынша жобаларды басқару бойынша ЖОО менеджментінің деңгейін бағалау;

- ЖОО интернационалдандырудың және ЖОО-ның жобаларға қатысуының жалпы стратегиясындағы үйлесімділікті талдау;

- ЖОО ішіндегі немесе жеке жобалардағы озық тәжірибені анықтау.

Халықаралық сарапшылар студенттермен, магистранттармен, докторанттармен, ішкі немесе сыртқы мүдделі тараптармен, сондай-ақ жоба командаларымен кездесулер өткізді.

  

Қабылдау комиссиясы