object(DateTime)#1025 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-04-20 01:03:30.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(9) "Asia/Omsk"
}

Тың игеру жобасы өз жұмысын жалғастырды

4 маусымда Қорған облысында халықаралық форум басталды, оған А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің және Қорған мемлекеттік университетінің журналистика мамандығының студенттері қатысты.

Бұл форум – 2021 жылдың наурыз айында тұсауы кесілген «Тың жерлер Ресей мен Қазақстанның тарихи жадында» халықаралық жобасының жалғасы. Жоба ұйымдастырушылары алғашқы тың игерушілердің есімдері мен тарихы жазылған электронды кітап жасау үстінде. Өткен жылғы экспедиция барысында студенттер Қостанай және Қорған облыстарынан 1000-нан астам жаңа есімдер мен тарихи оқиғаларды жинақтап, өңдеген.

Биыл да экспедиция екі кезең бойынша өтеді: алдымен қостанайлық студенттер Ресейге барады, одан кейін Қазақстан жерінде жұмыс жасайды.

Қорған облысындағы ең ірі «Куртамышская нива» газетінің редакциясына әр оқу орнынан бес студенттен жиналып, екі топқа бөлінді.

Бірінші күні қазақстандықтар тарихи-өлкетану мұражайында Қорған аймағының, Құртамыш өңірінің тарихымен танысты. Одан кейін студенттер тың игерушілер Галина Омелина мен Леонид Катаевқа қонаққа барды. Леонид Катаев Қостанай облысы, Боровской ауданында (қазіргі Меңдіқара) тың жерлерді игеруге қатысқан.

– Біз Верхнее және Нижнее, Белоногово және Костылево ауылдарына барып, тың игерушілер және олардың ұрпақтарымен кездесеміз деп жоспарлап отырмыз. Ал Қамаған ауылында Социалистік Еңбек Ері, Қорған облысының Құрметті азаматы және Қазақстанның тумасы Өмірбек Бимокановтың бейітіне барамыз, – дейді А.Байтұрсынов атындағы ҚӨУ-нің 2 курс студенті Екатерина Байняшева.

Қабылдау комиссиясы