object(DateTime)#1029 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-12-04 13:05:24.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

Еңбек даулары: сот тәжірибесі

Baitursynuly University қылмыстық және азаматтық құқық және процесс кафедрасында «Еңбек шарты: теория мен тәжірибенің өзекті мәселелері» атты ашық сабақ өтті. Дәрісті аға оқытушы Наталья КОРЫТНИКОВА мен Қостанай қалалық сотының судьясы Анастасия МОРОЗОВА сот пен ҚӨУ арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум аясында өткізді.

Проблемалық дәріске дайындық барысында студенттер еңбек шартына байланысты еңбек саласындағы типтік құқық бұзушылықтарды еңбек инспекциясы мен кәсіподақтар Федерациясының ақпаратына сүйене отырып саралады. Сабақтың басында олар қорытынды рейтингті ұсынып, талқылаудың негізгі бағыттарын анықтады.

Наталья Корытникова студенттердің ҚР Еңбек кодексін білу деңгейін тексеру үшін интерактивті экспресс-тестілеу жүргізді. Ал Анастасия Морозова нақты процестер мысалында жергілікті сот тәжірибесін егжей-тегжейлі талдап ұсынды.

Проблемалық дәріс барысында студенттер белсенді түрде сұрақтар қойып, өздерінің жеке тәжірибелерінен мысалдар келтірді. Сабақ соңында студенттер сотта еңбек заңнамасын қолдану мәселелері бойынша жадынамалар алды.

Қабылдау комиссиясы