object(DateTime)#1030 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-12-22 20:49:45.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}
ТДМ

Бейұшақты құрастыру керек пе? Біздің қолымыздан келеді!

Baitursynuly University-де дрондарды бағдарламалаудың бірегей зертханасы ашылды.

Мұнда ҚӨУ студенттері жаңа оқу жылынан бастап бейұшақтарды бағдарламалау және басқару, олар жинаған деректерді өңдеу және «ұшатын роботты техниканың» басқа да қыр-сырын меңгеретін болады.

Оқытушылар біліктілікті арттыру курстарынан өтіп, жаңа құрал-жабдықты жоғары бағалады.

"Зертхананың білім беру ғана емес, ғылыми-зерттеу қызметі де бар, - деді Baitursynuly University бағдарламалық қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі Ольга САЛЫКОВА. – Бағыт өте сұранысқа ие. Дрондар ауыл шаруашылығында, машина жасауда, логистикада қолданылады..."

Ректорымыз білім беру үрдісінен хабардар болғандықтан, идеямызды қолдап, құрал-жабдықтарға ақша бөлді.

Зертханада студенттер бірден бірнеше пәндерді оқи алады: дронды бағдарламалау, цифрлық схематехника, компьютерлік көру, ұшқышсыз ұшақтарға арналған жасанды интеллект және т.б. Қыз-жігіттердің топпен жұмыс істеуге үйренуі де маңызды.

Студенттеріміз қыркүйек айында дронды басқару алгоритмдерін әзірлеуге кіріседі. Дегенмен, олардың ең қызығушылық танытқандары зертханамен танысып үлгерді. Каникул маусымы болса да, шәкірттеріміз университетке келіп, бар ынтамен дрондарды құрастырып жатыр.

"Кейбір құралдар бізге бұрыннан таныс, бірақ жаңалары да көп, - дейді «Ақпараттық технологиялар және роботты техника» білім беру бағдарламасының 4 курс студенті Виктор ШМАКОВ. – Бейұшақтарды құрастыру және бағдарламалау қызықты ғана емес, болашақ үшін қажет."

Екінші курс студенті Данил МИКАЛАУСКАС та Виктордың пікірімен келіседі.

"Дрондар – кез келген баланың арманы! - деп жымиды ол. – Ең қарапайым модельдер тіпті легоға ұқсайды. Мені робототехника немесе бағдарламалаудың қайсысы көбірек қызықтыратынын әлі шешкен жоқпын. Бірақ таңдауға әлі уақыт бар!"

Ұстаздар айтқандай, шәкірттер теорияны нақты сценарийлерде қолданып қана қоймай, бейұшақ аппараттарды басқарудың жаңа технологиялары мен әдістерін әзірлейді. Университет болашақта студенттер әзірлемелерін сынай алатын кәсіпорындармен ынтымақтастықты жоспарлап отыр.

Қабылдау комиссиясы