Skip to content

Әскери кафедраға түсу шарттары

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабы бастығының 2022 ж. 25 сәуірдегі №83 бұйрығының талаптарына сәйкес 20 маусым мен 1 шілде аралығында запастағы офицерлер мен сержанттар бағдарламалары бойынша әскери кафедрада оқуға қабылдау емтихандары өтеді.

Еске салайық, әскери кафедраға оқуға түсу үшін құжаттарды қабылдау ағымдағы жылдың 10 маусымына дейін жүргізіледі.

Әскери кафедраға түсу үшін 4 кезеңнен өту қажет:

1.    Әскери-дәрiгерлiк сараптама жүргiзу ережелерiне сәйкес медициналық куәландырудан өту. Студенттерді медициналық куәландыру жергілікті әскери басқару органдарында қабылданған жылдың 1 ақпанынан бастап жүргізіледі. Конкурстық іріктеуге қатысу үшін 7-ші формаға сәйкес медициналық куәландыру нәтижелері қабылдау комиссиясының жұмысы басталғанға дейін (10 жұмыс күнінен кешіктірмей) әскери кафедраға ұсынылады.

2.    Кәсіби психологиялық тестілеуден өту

3.    Дене дайындығын тексеру

4.    Рейтингтік баллды ескере отырып өткізілетін конкурстық іріктеу.

Қабылдау ережелері туралы толығырақ ақпаратпен сілтеме бойынша өтіп, таныса аласыздар https://ksu.edu.kz/block/voennaya-kafedra/ 

Қабылдау комиссиясы