object(DateTime)#1029 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-09-19 09:53:42.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

Шет тілдерін оқытудағы инновациялар

Петропавлда өткен «Transition from Online to F2F Education: Bringing Distance Learning Strategies to the Classroom» (Онлайннан F2F біліміне көшу: қашықтықтан оқыту стратегияларын сыныпқа енгізу) атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда шетел филологиясы кафедрасының доценті Елена Кандалина «Modifying Curriculum for Project-Based learning» (Жоба негізінде оқытудың оқу жоспарын өзгерту» тақырыбында баяндама жасады. Баяндама Қазақстан мен АҚШ арасындағы #WPI #usinkz серіктестік жобасындағы тәжірибесіне негізделді. Елена Кандалина пәнаралық жобалардың мысалдарын көрсетті, сонымен қатар «Шет тілдерін оқытудағы инновациялық технологиялар» курсы аясында жасалған студенттердің жобалары ұсынылған сілтемемен бөлісті, жобаны әзірлеудегі алғашқы қадамдар қалай жүзеге асырылатынан түсіндірді.

Презентация интерактивті болды: қатысушылар жобалық оқытудың күшті жақтарын анықтады және https://www.menti.com/ Mentimeter қолданбасы арқылы осындай оқытуды сипаттайтын сөздердің тізімін жасады. Олар транслингвизм, жоба негізінде оқу және мәдениетаралық құзыреттілік сияқты үш аспектіні талқылайтын топтарда жұмыс істеді.

Елена Кандалинаның презентациясына қатысқан оқытушылар тақырыптың өзектілігін және шет тілін оқытуда жобаларды пайдаланудың кең мүмкіндіктерін атап өтті. Студенттер жасаған веб-сайт жобалары конференция қатысушыларының ерекше қызығушылығын тудырды.

Қабылдау комиссиясы