object(DateTime)#1030 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-12-24 05:49:59.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}
ТДМ

СТЕЙКХОЛДЕРЛЕРДІҢ ҚАТЫСУЫМЕН ӨТКЕН СЕМИНАР

Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының ұйымдастыруымен «Жұмыс берушілер және стейкхолдерлермен «6В02201-Тарих» және «6B03202-Архивтану, құжаттану және мұражай ісі» білім беру бағдарламаларын талқылау» әдістемелік семинары өтті. Іс-шараның модераторы PhD докторы (философия докторы) Гүлмира Саметова болды.

Семинар жұмысына Қостанай облысы Мемлекеттік мұрағатының қызметкерлері, Қостанай облыстық өлкетану мұражайы және Ы. Алтынсарин атындағы Қостанай облыстық мемориалдық мұражайы директорларының орынбасарлары, қала мектептерінің директоры және тарих пәнінің мұғалімдері, ПОҚ және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының студенттері қатысты. Сондай-ақ онлайн форматта Торғай мұражайлар кешенінің директоры және Ұзынкөл, Федоров, Әулиекөл аудандары мектептерінің тарих пәнінің мұғалімдері қатысты.

Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының кандидаты Серікжан Исмаилов құттықтау сөз сөйлеп, еңбек нарығында сұранысқа ие болашақ мамандарды даярлау сапасын жақсарту үшін осындай кездесулердің өзектілігі мен қажеттілігін атап өтті.

Негізгі спикерлер әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының аға оқытушылары Гүлмира Нұрушева және Ақмарал Ералина «6В02201 – Тарих» және «6В03202 – Архивтану, құжаттану және мұражай ісі» білім беру бағдарламаларымен таныстырып, ерекшеліктеріне тоқталып өтті.

Білім беру бағдарламаларының мазмұнына және жекелеген пәндерге қатысты өз пікірлерін: Торғай мұражайлар кешенінің директоры Сәрсекей Гүлбану Сәрсекей, Ғ. Қайырбеков атындағы №9 жалпы білім беретін мектептің тарих пәнінің мұғалімі Нұргүл Сүлейменова, Сұлтан Баймағамбетов атындағы Әулиекөл мектеп-гимназиясының тарих пәнінің мұғалімі Жанна Абельдинова, физика-математика лицейінің тарих пәнінің мұғалімі Сәуле Молдабаева және №2 мектеп-лицейінің тарих пәнінің мұғалімі Жанат Сейтказинов білдірді. Әдістемелік семинарға қатысушылар жоғары білікті және сұранысқа ие мамандарды даярлауға қатысты мәселелерді, сондай-ақ кафедра мен жұмыс берушілер арасындағы әріптестікті одан әрі нығайту мәселелерін талқылады.

Бұл диалог алаңы университет, мектеп, мұрағат және мұражай арасындағы пікір алмасу және өзара байланыс орнына айналды. Зерттеу құзыреттілігін одан әрі дамыту, қазіргі уақытта білім беру саласында көп көңіл бөлінетін туған өлкенің тарихы туралы мәселелер өзектендірілді.

Іс-шараның қорытынды бөлімінде кафедра профессоры, тарих ғылымдарының докторы Айдар Айтмухамбетов барлық қатысушыларға алғысын білдіріп, әдістемелік семинар жұмысын қорытындылады.

Қабылдау комиссиясы