А.Байтұрсынов атындағы ҚӨУ-де түрлі ұйымдар өкілдерінің және «Психология» мамандығының 3-4 курс студенттерінің қатысуымен «Болашақ психологтың негізгі құзыреттіліктері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараның модераторы – Психология кафедрасының аға оқытушысы, психология-педагогика ғылымдарының магистрі Олеся Елчищева.
Шақырылған қонақтар:
Галина Ислямова - Қостанай облыстық психикалық денсаулық орталығының психологиялық қызметінің жетекшісі, көп жылдық тәжірибесі бар сарапшы;
Мадина Байбулова - кафедраның 2020 жылғы түлегі және Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Қостанай арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының» психологы;
Сәуле Наурбекова - Қостанай облысы әкімдігінің білім бөлімінің «Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының» директоры;
Мадина Көшекбаева - кафедраның 2019 жылғы түлегі, Қостанай қаласындағы №4 мектептің психологы;
Татьяна Галиаскарова - Рудный қаласындағы «Элит» корпорациясының жетекшісі, психолог;
Наталья Лосенкова - Қостанай қаласы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» жедел-құтқару жасағының бас құтқарушы-психологы;
Дархан Байбулов - Шракбек Қабылбаев атындағы ҚР ІІМ Қостанай академиясының инспектор-психологы, полиция лейтенанты;
Ғалия Шунаева - «СарыарқаАвтоПром» ЖШС-нің корпоративті психология орталығының жетекшісі.
Дөңгелек үстелде мынадай маңызды мәселелер талқыланды: бәсекеге қабілетті маман болу үшін психологтар қандай білім, білік және дағдыларды игеруі керек? Табысты маман болу үшін қандай жеке ерекшеліктер қажет? Түлектер қандай ұйымдарда жұмыс таба алады және олар қандай салаларда сұранысқа ие болады? Түлектер қандай қызмет бағытын таңдау керектігін қалай анықтай алады?
Қонақтар дөңгелек үстел тақырыбы бойынша қызықты баяндамалар ұсынды, өз ойларымен, тәжірибелерімен бөлісті, сонымен қатар студенттерге белгілі бір бағыттағы жұмыстың ерекшеліктеріне назар аударуды және кәсіби мақсаттарын жүзеге асыра алатын саланы таңдауды ұсынды.
Студенттер мамандарға сұрақтар қойды. Ең көп қойылған сұрақ - диплом алғаннан кейін қайда және қалай жұмыс іздеу керек, үміткерлерге қандай талаптар қойылады, ол ұйымдарда тәжірибеден қалай өту керек деген сұрақтар болды. Тәжірибелі психологтар студенттермен қажетті ақпаратпен бөлісті, сонымен қатар жұмысқа орналасуға көмектесуге уәде берді.