object(DateTime)#1029 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-11-24 19:48:38.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

Педагогтар кәсіптік оқыту мәселелерін талқылады

Бүгін В.Двуреченский атындағы ауылшаруашылық институтында экология және география, биология және химия кафедраларының қатысуымен «Кәсіптік оқыту мәселелері: шешімдері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге Қостанай қаласының «Білім елі» химия-биология мұғалімдері қауымдастығының, сонымен қатар Химияны оқыту әдістемесінің мәселелерін зерттеу орталығы мамандары да қатысты. Дөңгелек үстелде ғалымдар білім беру бағдарламаларын жетілдіруге, орта білім беру мен қашықтықтан оқытудың жаңартылған мазмұны жағдайында кәсіби тәжірибе шеңберінде практикант студенттердің перспективалық өзара әрекеттестігі мен педагогикалық іс-әрекетінің бағыттарын талқылады. Атап айтқанда, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Ольга Чернявская қоғамдағы оқытушыларға деген сұраныс және университеттің мұғалімдерді даярлау сапасы үшін орасан зор жауапкершілігі туралы айтты.

2020 жылдың қорытындысы бойынша «Биология», «Химия», «География» білім беру бағдарламалары үздіктер қатарына енгенін атап өткен жөн (Атамекен кәсіпкерлер палатасының рейтингі бойынша 1 және 2-ші орындарда). Бұл жоғары педагогикалық білім берудің тәжірибелік-бағдарлық бағытын жақсарту үшін жаңа тәсілдерді тиімді қолданатын оқу орнының профессорлық-оқытушылық құрамының, студенттердің зор үлесі деп білемін, - биология магистрі, аға оқытушы Мария Рулева.

«Мектеп - университет - мектеп» - бұл жүйелердің өзара әрекеті мектептердегі практикант студенттердің педагогикалық қызметіне бағытталған. Сарапшылар ретінде диалог алаңын Қостанай қаласының мектеп мұғалімдері қолдады, олар университеттің тығыз ынтымақтастығы туралы айтты және педагогикалық тәжірибе студенттердің жақсы дайындығын көрсетеді. Білім беруде жаратылыстану бағдарламаларын іске асырудың негізгі мақсаты еңбек нарығында сұранысқа ие, біліктілігі жоғары деңгейдегі мұғалімдерді даярлаудағы облыстың қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған, оқытудың инновациялық технологияларын қолдану арқылы теориялық және эксперименттік химия саласында жүйеленген білім, білік және дағдыларды меңгеру.

Қабылдау комиссиясы