object(DateTime)#1025 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-03-29 20:08:54.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(9) "Asia/Omsk"
}

Күміс университеттің алғашқы түлектері

А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті наурыз айынан бастап «Күміс университет» жобасын жүзеге асырды. Бұл қарт адамдарға белсенді ұзақ өмір сүруге көмектесетін әлеуметтік қызметтің инновациялық түрі.

Университеттің негізгі мақсаты - егде жастағы азаматтардың өмір сүру сапасын және әлеуметтік белсенділігін арттыру, физикалық және психикалық денсаулығын нығайту.

«Күміс университеттің» негізгі міндеттері:

- Үлкен кісілерді заманға сай бейімдеу, өзін-өзі жетілдіруі үшін қолайлы жағдайлар жасау;

- коммуникациялық ортаны қалыптастыру және дамыту;

- шығармашылық қабілетін арттыру және өмірге деген оң көзқарасты сақтап қалу;

- салауатты өмір салтын насихаттау, белсенділік деңгейін арттыру;

- егде жастағы адамдардың коммуникативтік дағдыларының деңгейін арттыру;

- отбасылардағы әлеуметтік-психологиялық шиеленісті азайту;

- егде жастағы адамдарға заманауи техникалық құралдар мен ақпараттық технологияларды игеруге көмектесу;

- егде жастағы азаматтардың құқықтық сауаттылығын кеңейту;

- үлкен кісілердің бос уақытын тиімді ұйымдастыру.

«Күміс университет» бірнеше бағыттар бойынша жұмыс істеді. Бұл IT технологиялар, компьютерлік сауаттылыққа оқыту, құқықтық және экономикалық сауаттылық, тілдік курстар, психологиялық денсаулық, медиа курстар. сонымен қатар «Шығармашылық палитра» сәндік-қолданбалы өнер, дәстүр және сабақтық, тағы басқа да бағыттар.

Оқыту бағдарламаларын А.Байтұрсынов атындағы ҚӨУ мамандары зейнет жасындағы адамдардың тілектері негізінде дайындады.

Бүгін Күміс университеттің алғашқы түлектеріне сертификаттар табысталды. Түлектер саны – 174. Олардың көпшілігі заман ағынына сай мамандықтарды таңдапты. Мәселен компьютерлік сауаттылық курсын 69 зейнеткер тәмамдады. 32 түлек ағылшын тілін жетік меңгергісі келді. Психологиялық денсаулық курсына жазылғандар да біршама. Мемлекеттік тілді үйренуге келген «студенттер» де бар. Олардың арасында өзге ұлт өкілдерімен қоса, Кеңес дәуірінде орыс тілді мектепте білім алған қазақтар да ана тілін үйренуге келіпті.

Қабылдау комиссиясы