object(DateTime)#1030 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-12-26 19:08:14.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}
ТДМ

Инновациялық білім беру бағдарламасы енгізіледі

Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің Қазақстан тарихы кафедрасында «6В01601 Тарих», «7М01601 Тарих», және «6B01602 Тарих және қоғамтану» білім беру бағдарламаларын жұмыс беруші стейкхолдер/жұмыс берушілерімен талқылау әдістемелік семинары өтті.

Семинар барысында 2024-2025 оқу жылына арналған «6B01602 Тарих және қоғамтану» инновациялық білім беру бағдарламасы талқыланды. Айта кету керек, бұл инновациялық білім беру бағдарламасы ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Дүниежүзілік банк қолдау көрсеткен «Педагогикалық білім беру моделін енгізу және оның мазмұнын нығайту» атты ауқымды жоба аясында әзірленген 30 инновациялық білім беру бағдарламаларының бірі болып табылады.

Бұл жоба Қазақстан университеттері мен Финляндияның үздік университеттері - Қолданбалы ғылымдар университеті (Häme University of Applied Sciences) және JAMK қолданбалы ғылымдар университетімен (University of Applied Sciences) бірлесіп жүзеге асырылды.

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі жобаны басқару тобының жоғары білім жөніндегі маманы Бермухамбетова Ботагөз Болатқызы айтуы бойынша: «Бұл жаңашыл бастама-бұл жай ғана жоба емес, бұл Қазақстандағы педагогикалық білім беруді өзгертуге деген ұмтылысымыздың айғағы. Біздің мақсатымыз оқытудың дәстүрлі парадигмаларынан асып түседі; біз озық әлемдік тәжірибелерді көрсететін және еліміздің бірегей білім беру қажеттіліктеріне жауап беретін педагогикалық білім берудің жетілдірілген моделін ұсынуға тырысамыз» деген Ботагөз Болатқызы Қазақстанда оқу процесінде бейімделіп жатқан 30 инновациялық білім беру бағдарламасының педагогикалық білім беру мазмұнының сапа стандарттарын арттыруға бағытталған маңызды міндеттердің бірі ретінде атап өтті.

Білім беру бағдарламасының мазмұнымен БББ әзірлеу барысында жетекші ЖОО болған Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің профессоры, т.ғ.д. Гүлбану Ізбасарова таныстырды.

Семинар барысында талқыланған Гүлнар Сабырқызы, Рауан Жомартұлы мен Майсара Жауғаштықызының баяндамаларында білім беру бағдарламасы болашақ педагогтардың құзыретіне қойылатын талаптарға сәйкес әзірленгендігі, білім беру бағдарламасы тек пәндік құзыреттіліктерді қалыптастыруға ғана емес, сонымен қатар мұғалімдердің цифрлық құзыреттілігін дамытуға, білім берудің инклюзивтілігіне, икемді/әмбебап педагогикалық дағдыларды дамытуға, өзгерістерді басқаруға, педагогикадағы зерттеу тәсіліне, STEM-білім беруге, CLIL тұжырымдамасына бағытталғаны айтылды.

Қабылдау комиссиясы