Далалық тәжірибе өз мәресіне жетті

30 мамыр мен 10 маусым аралығында Жаратылыстану ғылымдары кафедрасының студенттері далалық тәжірибеден өтті. Бұл тәжірибе – «6В01512-Биология-Химия», «6В01511 Химия-биология», «6В01513 География-биология» білім беру бағдарламаларының 1 курс студенттері болашақта білікті биология, химия, география мұғалімі атануы үшін маңызды кезең. Сонымен қатар «Өсімдіктердің ботаникасы және морфологиясы», «Омыртқасыздар зоологиясы» пәндерін оқудың қорытындысы.

Тәжірибе кезінде студенттердің дәріс және зертханалық сабақтарда пәндерді оқуда алған теориялық білімдері бекітіледі. Далалық практика кезінде студенттер өсімдіктер мен жануарларды табиғи ортада зерттейді және далалық бақылаулар мен ғылыми зерттеулерге қажетті практикалық дағдыларды игереді, әртүрлі экологиялық жағдайларда тіршілік ететін өсімдіктер мен омыртқасыздар тобының өкілдерімен танысады, студенттерге ғылыми ізденістерге қажетті далалық материалды дұрыс жинап, реттей білуді игереді.

Сонымен қатар оқу тәжірибесіне экскурсиялар мен жаяу жүру маршруттары, университеттің аудиторияларында жиналған материалмен жұмыс кіреді. Осы уақыт ішінде студенттер Таскөлде, Заречное елді мекеніндегі метеостанцияда, Алтынсарин ауданындағы Арақарағай орманында, Тобыл өзенінің жағасында, Қостанай-2 ауданының орман екпелерінде, «Автомобилист» саяжай кооперативінің аумағында болды. Барлық саяхаттар Ольга Бородулина, Мария Рулева, Элеонора Ахметова, Гаухар Баубекованың жетекшілігімен университет тарапынан ұйымдастырылды.

Қабылдау комиссиясы